Елбасы Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

0
78
дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады.

1988-1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті.

1992-1993 жылдары – Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті. 1993 – 1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы.

1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз