Путин Ердоғанмен Сирия мәселесін талқылады

0
38
дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Сириядағы жағдайды талқылап, Астана форматында өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға назар аударды.

Кремлдің баспасөз қызметі жариялаған мәлімдемеде «Сириядағы ахуалды талқыға салғанда, Астана келіссөздеріндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса назар аударылды. Сочидегі Сирия диалогының съезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды дамытуда, децкуляциялық аймақтардың тиімді жұмыс істеуін және саяси процесті ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Ресей, Түркия және Иранның күш-жігерін үйлестіруге дайын екендігі расталды» делінген.

Хабарламада, «екі мемлекет басшылары Сирияның солтүстік-батысына, нақтырақ айтқанда Африн аймағындағы Түркияның әскери операциясына ерекше назар аударды», делінген.

Сонымен қоса, Түркия және Ресей президенті «ресей-түрік ынтымақтастығының дамуының оң динамикасы» екенін атай отырып, жақын арада түрлі деңгейлерде бірқатар байланыстар өткізуге келісті.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз