АҚШ 23 ақпанда Солтүстік Кореяға қарсы «қазіргі уақыттағы ең ірі санкциялар жиынын» салды. Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеу шараларына бірінші кезекте Солтүстік Кореяның тасымалдау және сауда компаниялары енген.
АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин атап өткендей өзі басқаратын ведомства Пхеньян аталған санкциялардан жол тауып кететін барлық мүмкіндіктерді бұғаттайды, КХДР-мен бірлесе жұмыс жасайтын әлемдік ұйымдарда қатарға енбек, аталған елге «халықаралық су арналары» арқылы заңсыз көмір мен отын, тауар таситындар да бұғатталмақ.
Пхеньян режимі ядролық қару жасау мен тасымалдау салдарынан санкцияға түсті.
Атап айтқанда, БҰҰ қарары КХДР-ға мұнай және мұнай өнімдері импортына, солтүстік кореялық капиталдың қатысуымен бірлескен өндіріс құруға тыйым салды. Бұдан өзге Солтүстік Кореяға қарсы АҚШ, Еуроодақ, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония мен Ресей санкция салды.