Қазақ-Әзірбайжан жастары әріптестік келісімге қол қойды

0
123
ашық дерек көзінен алынды

Ақтау қаласында Қазақ – Әзірбайжан жастары әріптестік келісімге қол қойды. 24kz
Тұңғыш халықаралық жастар форумы аясында өтіп жатқан бұл бастамада бауырлас екі мемлекеттің жастар саясаты мәселелерін шешу тақырыбын талқылап, екі жақ тәжірибие алмасты.

Бауырлас елден келген өкілдер «Рухани жаңғыру» жобасының қазақ елінің болашағы үшін маңыздылығын талқыласа, отандастарымыз көрші елдің жастарын Түркі академиясымен бірлесіп ашылатын жазғы лагерге келіп қазақ тілін үйренуге шақырды.

«Нұр отан» партиясының бастамасымен құрылған «Жас отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбай Әзірбайжаннан келген жас буын өкілдерінің Қазақстанның латынға көшуіне деген талпынысына оң қабақ танытқандарын байқап «Әзірбайжан мемлекеті совет одағы ыдырағаннан кейін алғаш болып латын әліпбиін қабылдаған ел. Қазақ ұлты да қабылдаған латын әліпбиі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсуіне себепкер. Түріктілдес мемлекеттердің арасында үлкен игі шаралар қолға алынып жатыр. Мәселен бірнеше ай бұрын Өзбекстан және Қырғызстан жастарымен де келісім жасастық», деп айта кетті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз