Президент тапсырмасы атқамінерлердің ана тіліне деген махаббатын оятты

0
61
дереккөзден

Қазақстандықтар президент Н. Назарбаев үкімет пен парламенттің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі қажеттігін мәлімдегеннен кейін қазақ тіліндегі білімдерін жетілдіріп жатыр.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры президенті Азат Шауеев президенттің сөзінен кейін тілді дамыту орталығына күніне 500 тұтынушы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасы. Шауеевтің айтуынша, бірнеше күн ішінде орталық тұтынушыларының саны екі мыңға жеткен, олардың ішінде Астана, Алматыдан мемлекеттік қызметкерлер мен жастардың саны көп. Сондай-ақ қатарда депуттар, министрлер, аймақтар мен аудан әкімдері де бар.

Телеарна өз кезегінде ұзақ жылдар Мәскеуде тұрып, ана тілінде шорқақ сөйлейтін 39 жастағы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың қалай білімін жетілдіріп жатқан құпиясымен бөлісті. Сүлейменов қазақ тілінде еркін сөйлесе алмайтынын айтып, жыл бойы тілді дамыту үшін дайындық жасайтынын әрі шын ниетімен тырысатынын айтып ағынан жарылды. Министр күнде қазақ тілді басылымдар мен Facebook-тегі жазбаларды тізіп оқып шығатынын да жасырмады.

Өз кезегінде Сенат депутаты Сергей Громов қазақ тілін өмір бойы дамытып келе жатқанын, тілде көп нәрсені түсінетінін әрі тілдік білімін дамытып, үйреніп шығатынын алға тартты.

Мамандар қазақ тілін дамыту үшін күнделікті дайындықпен үш ай кетенін айтады. Қазақстандық шенділердің мемлекеттік тілде еркін сөйлеулеріне кедергі күнделікті дайындықтың жетіспеушілігі себеп екендігі айтылады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз