Анкарадағы АҚШ елшілігі уақытша жабылды

0
143
дереккөзден

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі 5 наурызда қауіпсіздік шараларына байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы РИА Новости АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«5 наурыз АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі «қауіпсіздік мақсатында» жабылатыны жөнінде хабарлайды», делінген елшіліктің мәлімдемесінде.

Елшіліктің әзірге нақты қашан ашылатыны белгісіз. Қазіргі уақытта тек төтенше қызметтер көрсетілетін болады.

Бұған дейін 2013 жылы Түркияда АҚШ елшілігіне лаңкестік шабуыл жасалып елшілік қызметін уақытша тоқтатқан болатын. Елшіліктегі лаңкестік жарылыстың салдарынан күзетші қаза тапқан еді.

Сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары мақсатында 2016 жылдың 19 желтоқсанында Анкарадағы АҚШ-тың елшілігі қызметін уақытша тоқтатты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз