Президент ресейлік арнаға сұхбат берді

0
55
Ақорда

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік «Бірінші арнаға» сұхбат берді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресейлік телеарнаның журналисіне берген сұхбатында президент Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері туралы әңгімелеп берді. Бұдан бөлек, Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының қол жеткізген нәтижелері мен бағдарламаны жүзеге асырудың перспективаларына тоқталды, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізгі аспектілері туралы сұрақтарға жауап берді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» туралы сөз қозғап, жолдауды сапалы түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Президент өз сөзінде бес негізгі бастаманы жүзеге асырудан өзге мұғалімдердің еңбек ақысы көтерілетінін жеткізді. Қазір мектептердің жаңартылған білім сапасына көшіп жатқанын айтқан мемлекет басшысы бұл мұғалімдердің еңбек ақысын 30 пайызға көтеретінін атап өтті. Мектептегі білім жүйесінде сондай-ақ біліктілік санаттарының қарастырылғанын меңзеген президент біліктілік санаттарына ие ұстаздардың еңбек ақысы бұдан бөлек 50 пайызға көтерілетінін алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз