Қырым үшін Ресейге санкциялар мерзімі ұзартылды

0
101
дереккөзден

Еуроодақ Украинадағы жағдайға байланысты 150 жеке тұлға мен 38 ұйымға қатысты санкцияларды тағы да жарты жылға ұзартты.

12 наурызда Кеңес Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін жарамсыз ететін немесе қауіп төндіретін іс-әрекеттерді шектеу шараларын тағы да алты айға, 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарланады.

Шаралар санкцияға түскен заңды және жеке тұлғалардың активтерін бұғаттайды, сапарларға шектеу қояды, деп жазады РИА Новости.

Құжатқа сәйкес, Еуроодақ жағдайды бағамдай келе, санкция режимін өзгерте алмайтындарын мәлімдеп, шешім шығарған.

Жақында еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини ЕО-ның Ресейге деген саясаты өзгеруі үшін Мәскеу Минск келісімін орындап, «Қырымды заңсыз аннексиялауды» доғаруы қажет деп мәлімдеді.

Еске салсақ, наурыздың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты.

Қырым 2014 жылдың наурызында өткен сайлау барысында Ресей аумағына өтті (сайлауда Қырым республикасының 96,77 пайыз сайлаушысы және 95,6 пайыз Севастополь тұрғындары Ресей құрамына енуді қолдаған). Украина әлі күнге дейін Қырымды өз аумағы ретінде есептейді. Ресей президентінің сөзінше, Қырым мәселесі «түркілікті түрде жабық».

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз