Д. Ахметов Өскемен қаласы әкімдігінің жұмысын сынға алды

0
217
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов су тасқынына байланысты Өскемен қаласы әкімдігінің жұмысын сынға алды.

Аймақ басшысы Өскеменге жұмыс сапарымен келіп, көзбен көргендерге көңілі толмағанын мәлімдеді. Д. Ахметов көктемгі су тасқынынан зардап шеккендермен жүздесті.

«Даниал Ахметов жағдайды бағалап, жергілікті биліктің өз міндеттеріне салғырт қарағанын атады. Сондай-ақ бір сағат көлемінде Сәтпаев даңғылындағы қозғалысты қалпына келтіруді тапсырды. Тұрғын үйлеріне зақым келген тұрғындарға көмек көрсетіледі», – деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

/ҚР ІІМ ТЖК /

Өскемен қаласында еріген қар суы даңғылдың адам жүретін жолдарын басып қалғаны себепті жолда үлкен кептеліс орын алған. Коммуналды қызмет су тасқыны салдарын қалыпқа келтіруде, қала мектептерінде екі ауысымда да сабақ тоқтатылған. Жергілікті билік көлікті аса қажеттілік болмаса, қолданбауды сұрайды.

Облыста су тасқыны салдарынан 22 жеке мешік үй мен 148 тұрғынжай аумағына зақым келген/ ҚР ІІМ ТЖК

Төтенше жағдайлар Комитеті елді мекендерді су алуының себебін арық жүйелері жұмысының дұрыс жолға қойылмауымен түсіндіреді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз