Катманду маңында ұшақ апаты: жапа шеккендер бар

0
138

Бангладеш Республикасының астанасы Дакка қаласынан Непал Демократиялық Республикасының ірі қалаларының бірі Непалаға ұшып шыққан US-Bangla Airlines әуе компаниясына тиесілі Bombardier Q400 жолаушылар ұшағы Трибхуван әуежайына қона алмай апатқа ұшырады. Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Әуе айлағы өкілдерінің хабарлауынша, ұшақ ұшу-қону жолағына қона алмай, әуежайдың шығыс жағында орналасқан футбол алаңына құлап, өртке оранған. Жергілікті билік өкілдері 78 адам мінген жолаушылар ұшағынан 17 адам құтқарылып ауруханаға жеткізілгенін, сондай-ақ, әлі де апат құрбандары бар екенін айтқанымен, ресми түрде мәлімет жарияламаған.

ТАСС агенттігінің мәліметі бойынша ұшақ техникалық ақау салдарынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз