Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды.
Келіссөздер барысында мемлекет басшысы Н. Назарбаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды “Парасат” орденімен марапттады. “Қос мемлекет арасындағы достықты жаңғыртуға қосқан үлесіңіз үшін сізді “Парасат” орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым”, – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз кезегінде орденмен мараптталуды өзі үшін “тосын сый” болғанын айтып, ағынан жарылды.
“Парасат” ордені “ҚР мемлекеттік марапаттары” Заңымен бекітілген. Аталған орденмен ғылым және мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға , адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді жұмысына үлкен үлес қосқан азаматтар марапатталады.
Сафина Саид