Майамиде жүргіншілерге арналған көпір құлады

0
99
/Euronews

АҚШ-тың Майами штатында жаңадан салынған жүргіншілерге арналған көпірдің құлауы салдарынан соңғы ақпараттарға сенсек, 10-ға жуық адам қаза тапқан. 10 жаралы ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны анықталуда.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, 950 тонналық көпір бірнеше автокөліктің үстіне құлаған. Өткен сенбіде құрылысы 14 миллион долларды құраған көпір орнатылған еді. Көпір Флорида халықаралық университеті студенттер қалашығынан Майами орталығына жолды қауіпсіз кесіп өту үшін жасалған. Университет аумағындағы көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды бағдарлама шеңберінде көпір құрылысы жаңа жеделдетілген әдіспен жүзеге асырылыпты. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір 2019 жылдың басында ашылуға тиісті еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз