Н. Назарбаев Өзбекстан президентін «Достық» орденімен марапаттады

0
151
Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 15 наурыз Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу салтанатында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шавкат Мирзиёев өз еңбегінің жоғары бағаланып, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жылын өткізу туралы бастама көтеріп, шешім қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ризашылық білдірді.

Атап өтерлігі, 15 наурызда «Астана опера» театрында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан өзге, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталып, бұл іс-шара Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Ақорда

Іс-шара барысында Өзбекстан Республикасының белгілі шығармашылық өкілдері өнер көрсетіп, көрші елдің зергерлік және қолөнер бұйымдарының көрмесін таныстыру рәсімі өткізілді.  

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз