Оралу
Оқиға Кепілгер елдер сыртқы істер министрлері Анкарада кездесуі мүмкін
Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлері үш ел президенттерінің саммиті алдында Анкарада дайындық кездесуін өткізуі мүмкін. Бұл туралы РИА Новости ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
«Саммит алдында министрлердің тағы бір кездесуі өтуі мүмкін – бұл жолы Анкарада», – деп хабарлайды дереккөз.
Дереккөз министрлер кездесуі өтетін нақты күнді хабарламады.
Еске салсақ, бүгін Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша кепілгер елдер Ресей, Иран, Түркия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.
Сафина Саид