Ресей АҚШ санкцияларына жауап қайырады

0
71
дереккөзден

АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларына байланысты Ресей де аталған санкцияларға жауап ретінде Вашингтонға қатысты «қара тізімді» кеңейтеді. Бұл туралы РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков мәлімдеді.

Дипломат тізімнің кеңеюі Мәскеудің қалауымен емес, АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы реакция екендігін хабарлады, деп жазады Euronews. Рябковтың айтуынша, Мәскеу бұл шешімді АҚШ тарабының шындықты қабылдамаудағы қауқарсыздығы және саясаттағы қырсықтығы үшін қабылдап жатыр. Дегенмен, Рябковтың сөзінше, екі жақты қарым-қатынастың мүмкін қалыпқа келуі негізінде Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасын бір жола үзуге құлықты емес. Ол сондай-ақ АҚШ саясаткерлерін ресей-америкалық қатынасқа селкеу түсіріп отпен ойнап жатқандарын ойға алуға шақырды.

Атап өтерлігі, АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдағанын хабарлады. АҚШ-тың кеңейтілген жаңа санкция тізіміне ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин және тағы да 18 жеке тұлға енді. Вашингтон тізімде аталғандарды «Америкадағы сайлауға араласты» деп есептейді. Бұдан өзге «қара тізімге» «Фабрика троллей» сынды 3 ғаламтор-зерттеу агенттіктері енді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз