20 жыл бұрын кісі өлтіргенін мойындады

0
296
Photo: cruz.uz

Полиция 20 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған Жамбыл облысы Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіруде істінің кім екенін анықтап, егде жастағы ер адамды ұстады.

Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

“Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің құжаттары да бар”, – деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Сонымен қатар, мылтықтың атылғанын естіген куәгерлер бар. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз