Алматыда наразылық танытушылар мен полиция өкілдерінің арасында болған қақтығыс салдарынан 33 арнаулы көлік зақымданған. Олардың көп бөлігі өртеніп кеткен. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.
Өртенген және зақымданғандардың он алтысы полиция, жетеуі жедел жәрдем, екеуі өрт сөндіргіш, жетеуі жүк және бір бензин тасымалдаушы көліктері болды. Бұдан бөлек екі полиция бекеті өртенді.
Қақтығыс салдарынан 300-ге жуық кәсіпкер зардап шекті. Оның ішінде 120 дүкен, 100-ден астам кеңсе және 80 қоғамдық тамақтану орны бар.