Арыстағы аурухана мен мектептер толық қалпына келтірілді

0
364
Сурет: holanews.kz

Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Оның ішінде аудандық аурухана мен мектептер бар. Жалпы қалада 9313 құрылысшы еңбек етуде.

“6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуда”, – деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: holanews.kz

Күннің ыстығына қарамастан, құрылысшылар 2405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр дейді министрлік.

Еске сала кетейік, жарылыстан Арыс қаласының тұрғын үйлерінің 85% зардап шеккен еді. Ал 1 тамызға дейін қираған үйлердің 90% қалпына келтірілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз