Астанада маусым айында халықаралық форум өтеді

0
175
фото: gov.kz

Қазақстан негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешу мақсатында жаңа диалог алаңы – Астана халықаралық форумын өткізуді қолға алады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Форум 2023 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында өтеді.

Аталған форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогына арналған алаң болмақ.

Форум бағдарламасына негізгі баяндамалар, панельдік сессиялар, пікірталастар және басқа да іс-шаралар кіреді.

Іс-шараға тіркелу рәсімі ашылды. Мүдделі тұлғалар мына сілтеме бойынша тіркеле алады: https://astanainternationalforum.org

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз