Қазақстандық дәрігерлер Түркиядағы зілзала салдарымен күресуге барады

0
143

Түркиядағы зілзаланың салдарымен күресуге Солтүстік Қазақстан облысынан бес дәрігер аттанады. Олардың барлығы жоғары санатты білікті мамандар, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы басқа өңірлер сияқты бауырлас халыққа көмек көрсету үшін медициналық мамандарды жібермек.

“Біздің облыстан Түркияның зардап шеккен аймақтарына бес дәрігер аттанады. Олар жоғары санатты дәрігерлер: дәрігер-хирург – Руслан Абетов, дәрігер-реаниматолог – Сергей Ишин, ортопед-травматолог – Евгений Никонов, екінші санатты дәрігер-нейрохирург – Максим Задворный және жалпы практика дәрігері – Нияз Әбдірақымов”, – делінген баспасөз хабарламасында.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зілзаладан зардап шеккен аймаққа өңірден мамандар жіберілмейді. Жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін республикалық ведомство мамандары аттанды. Барлық қажетті құтқарушы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған олар іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналыспақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз