Қазақстанды Өзбекстанмен жалғайтын жаңа автожол ашылды

0
118
Сурет: inform.kz

17 шілде күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Тәжен ауылында “Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы” бағытындағы автокөлік жолының ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты. Бұл автожол “Ташкент-Самарқанд-Нүкіс-Бейнеу-Атырау-Астрахань” халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Жаңа жолмен қазақстандықтар Өзбекстан арқылы өзге елдерге шыға алатын болады. Орталық Азия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдері мен Еуропа бағыты бойынша транзиттік автомобиль ағыны қалыптасады. Жолдың жалпы ұзындығы 85 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Нысанға барлығы 381 адам, 155 бірлік техника жұмылдырылған.

Сурет: primeminister.kz

“Мемлекетаралық маңызы бар осынау елеулі жоба Қазақстан және Өзбекстан елдерінің экономикалық дамуына үлкен серпіліс беріп, екіжақты ынтымақтастықтың артуына септігін тигізетін болады”, – деді Асқар Мамин ашылу салтанатында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз