Қазгидромет апта соңына арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
242
photo: egemen.kz / қар, ауа райы

Қазгидромет орталығы Қазақстандағы 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Демалыс күндері ауа-райы құбылмалы болады. Қазақстанға солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Сондықтан елдің көп бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашын көбінесе қар түрінде өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10-нан 18-23 аязға дейін, күндіз 5 аяздан 5-15 аязға дейін, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз–3 жылу, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 аяз–3 жылу, күндіз 9-17 жылу күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз