Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналарды қабылдады

0
87
Сурет: astana gov

Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарын, бір топ көп балалы аналарды қабылдады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Әкімнің жеке қабылдауына келген аналардың барлығын тұрғын үй мәселесі алаңдатады. Олар әкімнен мемлекеттік қордан тұрғын үйді бөлуді жеделдетуді сұрады.

“Тұрғын үй кезекке  сай беріледі. Кезекті айналып өту мүмкін емес, олай болмайды да. Бірақ біз көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін мүмкіндігінше жылдам шешуге тырысамыз. Тұрғын үй алудың түрлі нұсқалары бар. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы көпбалалы отбасыларға жылына 2% жеңілдікпен несие беруді тапсырған. Бұл шаралар Үкіметтің жеңілдетілген ипотекалық несие ережелерін бекіткеннен кейін жүзеге асырылатын болады”, – деді қала әкімі.

Қазір Нұр-Сұлтанда 12 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Олардың 2969-ы тұрғын үй кезегінде тұр. Әкімдікте тұрғын үйге мұқтаж адамдар тиісті құжаттарды ұсынып, тұрғын үй алу үшін ресми түрде кезекке тұру керектігін еске салды.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылардағы балаларға арналған жеңілдіктер: балабақшаларға тегін бару, қоғамдық көлікте тегін жүру, жазғы лагерлерге бару т.б. Қазір тегін жолдамалар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға берілуде. Бірақ егер отбасы табысы аз деп есептелмесе де, бірден төрт баланы жазғы лагерге жіберу мүмкін емес. Бұл мәселе бірден шешілді. Бақыт Сұлтанов барлық көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға  лагерьлерге ақысыз жолдамалар беруді білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаевқа тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз