Көктайғақ, тұман, жел – 23 ақпанға жасалған ауа райының болжамы

0
106
photo: ult.kz

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 23 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығысында ғана жауын-шышынсыз ауа-райы сақталады. ҚР бойынша көктайғақ болып, тұман түседі. Жел күшейіп, бұрқасын болады.

Ауа райына байланысты бес өңірде республикалық жолдар жабық тұр

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін сағат 9.15-тегі жағдай бойынша 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz

«Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық», – деп жазды ҚазАвтоЖол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз