7 сәуірде Қызылорда облысының әкімі болып Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
“Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын”, – делінген ақпаратта.
45 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013 жыл Қызылорда қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін аймақты басқарған Гүлшара Әбдіхалықованың лауазымынан босатылғаны хабарланған.