14 млн доллар инвестиция: Қазақстандық стартапер Forbes «30 under 30» тізіміне енді

0
51
Nurasyl Serik, Volodymyr Fedoriv. Фото — counterpart.vc

Қазақстандық Нұрасыл Серік, әлемдік Forbes журналының 2024 жылғы «30 жасқа дейінгі үздік 30» тізіміне «корпоративтік технологиялар» бөлімінде енді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі digitalbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрасыл, «Remofirst» стартабын ойлап тапқан. Оның қасында екінші құрылтайшы украиналық Володимир Федорив та бар. Олардың бағдарламасы, бүкіл әлем бойынша қашықтан жұмыс істейтін қызметкер жалдауға мүмкіндік беретін HR платформасы болып табылады.

Remofirst арқылы, 160-тан астам елден қызметкерлерді қашықтан жалдауға болады. Олар, Microsoft, BCG және Mastercard секілді әлемдік нарықтағы атақты компаниялармен де жұмыс жасайды.

Remofirst, QED компаниясынан 14 миллион АҚШ доллар инвестиция тартқан.

Нұрасыл мен Володимир, Ұлыбритания университеттерінің бірінде танысып, Remofirst-қа дейін бірнеше стартап жасап та үлгерген.

Стартап – дамуымен өсуіне қолдауды қажет ететін жаңадан бастау алып келе жатқан жаңа бизнес жоба немесе жас компания

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз