Саудия билігі ханзадалардан 100 млрд доллар өндіруге ниетті

0
65
дереккөзден

Сауд Арабиясы билігі тұтқындалған ханзадалардан жемқорлыққа қатысты тұтқындалу мәселесін шешу үшін 100 миллиард доллар өндіріп алуға ниетті.

Bloomberg агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, Эр-Риядтағы Ritz-Carlton бес жұлдызды қонақ үйінде тұтқында отырған ханзадалармен келіссөздер қаңтардың соңында аяқталуы тиіс. Үкіметтің шартын 90 адам қабылдаған, қабылдағандар бостандыққа шыққан, қалған бесеуі шарт жайын ойлануда, ал 95 тұтқын төлеуден бас тартып, сотта жүздесуге тәуекел еткен.

14 қаңтарда халықаралық БАҚ-та таралған хабарға сәйкес, әлемдегі ең бай 20 адамның қатарына кіретін тұтқындалған ханзада Әл-Валид бин Талал билікпен сотқа дейін келіссөздер жүргізіп жатқандығы жария болған еді.

Еске салсақ, 2017 жылдың қарашасында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман әл Сауд басқаратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық комитет 200 ханзада, биліктегі министрлер мен шенеуніктерді тұтқындады. Оларға ақшаны жылыстату, билігін асыра пайдалану және парақорлық пен ұрлық деп айып тағылған еді.

Корольдік билігінің мәліметіне сәйкес, күдікке ілінгендер 100 миллиард доллар жымқырған.

Корольдіктің бас прокуроры Сауд әл-Муаджибтің айтуынша, анықталған жемқорлықтың ауқымы өте әлеуетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз