Трамп Ердоғанды Сириядағы әскери әрекеттерді шектеуге шақырды

0
114
Sputnik Türkey

АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Сириядағы Африн аумағында әскери операцияларды шектеуге шақырды.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Трамп деэскалция аймақтарын құру қажеттігін және бейбіт тұрғындардың құрбан болуының алдын алу туралы да атап өтті. 

Бұдан өзге Трамп Ердоғаннан Сирия аумағындағы түрік және америка әскерлерінің қақтығысын болдырмау үшін алдын ала шаралар қабылдауды сұрады.

Сириядағы Африн аумағындағы жағдай бір апта бұрын Вашингтонның Сирияның солтүстігінде күрдтерден тұратын «Сирия демократиялық күштерінен» «шекара қауіпсіздік күшін» құру туралы ниетіне байланысты шиеленісті.

Түркия бұл шешімді дереу сынап, егер АҚШ күрдтерді қаруландыруын қоймаса, әскери операция жасайтындарын мәлімдеген еді.

Сенбіде Түркия Африн аумағында күрдтерге қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастады. Ресми Анкара бұл әрекеттерін лаңкестермен күрес деп түсіндірсе, өз кезегінде Дамаск Түркияның Афринге шабуылын «басқындық» деп қабылдайтындарын мәлімдеген еді. Ресми Анкара операция барысында бейбіт тұрғындар зардап шекпейді деп мәлімдегенімен, кеше ғана күрд жауынгерлерінен құралған «Сирия демократиялық күштері» (SDF) түрік әскерімен Африндағы қатал қақтығыстар болғанын түрік ұшақтары жасаған шабуыл нәтижесінде 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 14 жараланғанын алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз