Швеция соты Ұлттық қордың активтерін бұғаттау шешімін күшінде қалдырды

0
68
дереккөзден

Ұлттық қордың Швециядағы шамамен 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне уақытша тыйым салу туралы бұйрық күшінде қалдырылды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлайды.

24 қаңтарда Стокгольм қаласы округтік сот Ұлттық қордың Швецияда орналасқан активтеріне тыйым салу жөніндегі бұдан бұрын қабылданған бұйрықтың күшін жоймау туралы шешім қабылдады.

Әділет министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, бұдан бұрын хабарланғандай, шведтік сот Ұлттық қордың 33 шведтік компанияның акциялары түріндегі жалпы сомасы шамамен 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне иелік етуге және Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің банк шоттарына уақытша шектеу қойды.

Кейін Қазақстан Республикасының өтінішхаты негізінде Елшіліктің шоттарынан ауыртпалықты алып тастауға қол жеткізілді.

Алайда, сот активтердің мәртебесі, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы және оның Ұлттық қордың қаражатын басқару бойынша өкілеттіктері туралы дәлелдерді назарға алмады.

Өз кезегінде  Әділет министрлігі және Ұлттық банк тыйым салынған қаражаттың халықаралық келісімдерге сәйкес қол сұғылмайтындығын дәлелдей отырып, аталған шешімге Швецияның Апелляциялық сотында шағым жасайтын болады, деп мәлімделеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз