Кремльге жақын басшылар мен олигархтарға жаңа санкция

0
147
дереккөзден

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қаржы министрлігі Конгресс назарына «Кремль баяндамасын» ұсынды, онда 210 кісінің есімі бар.

ТАСС таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ «Кремль тізіміне» ресейлік 114 ірі шенеунік пен мемлекеттік компаниялардың басшысы, сондай-ақ 96 олигархтың есімі енгізілген.

Қаржы министрлігі түсіндіргендей, АҚШ Конгрессіне берілген «Кремль баяндамасы» – санкцияға енгізілгендердің тізімі емес.

Ресейдің президент әкімшілігіндегі басшылары, атап айтқанда, Вайно, Громов, Песков және Сурков «Кремль тізіміне» енді. Аталған тізімде Матвиенко, Володин, Сечин, Миллер, Нарышкин және Бортников секілді Владимир Путиннің жақтастарының есімі бар.

АҚШ Қаржы министрлігі тізімге 96 ресейлік шенеунікті енгізді, олар дүйсенбі күні жарияланған Ресей Федерациясына қарсы санкциялар туралы заңға сәйкес Конгреске ұсынылған «Кремльдің баяндамасына» енді.

«Олигархтар тізіміне» енген фигуранттар қатарында Әлішер Усманов, Роман Абрамович пен Сүлеймен Керімов сынды кәсіпкерлер және “Лаборатории Касперского” компаниясының құрушысы Евгений Касперский де бар.

Еске салсақ, 29 қаңтарда АҚШ «Кремль баяндамасын» жариялайды деп күтілген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз