Мемлекет басшысынан Саули Ниинистёге құттықтау жеделхаты

0
71
дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайланған Саули Ниинистёге құттықтау жеделхатын жіберді. Бұл туралы президент баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

«Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын», – делінген жеделхатта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз