Үндістанда автобустың өзенге құлауынан 36 адам қаза тапты

0
138
ru.tsn.ua

Үндістанның солтүстік-шығысында орналасқан Батыс Бенгалия штатында рейс автобусының өзенге құлауы салдарынан кем дегенде 36 адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. Бұл туралы New Indian Express баспасы жазады.

Төтенше жағдай дүйсенбі күні таңғы сағат 06:00-де (жергілікті уақыт бойынша, шамамен 03.30-да) орын алған.

Каримпурдан Малдаға жол тартқан автобуста 56 жолаушы болған. Тергеу барысында анықталғандай, апатқа жүргізушінің көлікке ие бола алмауы себеп болған.

Аман қалған жолаушылардың бірі Times of India газетінің тілшісіне берген сұхбатында жүргізушінің көлік тізгінінде жол бойы мобильді телефонға үніліп келгенін айтты.

New Indian Express атты жергілікті жастар ұйымының көшбасшысы жасаған мәлімдемеге сәйкес, өзеннен 36 мәйіт табылған: оның 9-ы әйел, екеуі бала. 14 мәйітті анықтау мүмкін болды. Тоғыз кісі ауруханаға жеткізілсе, 11 адамның тағдыры әзірге белгісіз.

Автобус көпірден өзенге құлаған кезде есігі бекітіліп қалып, жолаушылар сыртқа шыға алмай қалған. Полиция мен профильдік қызметтер оқиға орнына кешігіп жеткен, ал құтқару жұмыстарын жергілікті тұрғындар жасаған. Полиция мен құтқару қызметтері оқиға орнына келіп жеткенде, кешіккендері үшін тұрғындардың наразылығына ұшыраған. Қала тұрғындары құтқару қызметінің көліктеріне тас лақтырып, бірнеше полиция көлігін аударған, ал кейбіреуін тіпті өртеп жіберген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз