90 жастағы әжей ағылшын тілін үйреніп жүр

0
85

Бұл Сетсуко Такамизауа. Сетсуко әжей 90 жаста. Ол ағылшын тілін үйреніп жүр. 90 жасқа келгенде жапон әжейді шет тілін үйренуге қандай күш жетеледі?!

Сетсуко Такамизауаның арманы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиаданы көру. Тамашалап қана қоймай келген шетелдіктерге көмектесе алу үшін алдына мақсат қойып ағылшын тілін үйренуді бастады.

“Немереме Токио Олимпиадасына дейін ағылшын тілін үйреніп келген шет елдіктерге көмектесе алсам қандай керемет деп қоямын. Мысалы автобуста жол сілтей алсам тіпті керемет емес пе”, – деді ол.

Ол тілді қалай үйреніп жүр?

Сетсуконың немересі мессенджер арқылы күнде әжесіне ағылшынша сөздер жіберіп отырады. “Мен әрдайым “breakfast” сөзін “black-first” деп жүріппін. Себебі менің түсінігімде қараңғы (black) түннен оянғандағы алғашқы (first) жейтін тамақ деп түсінген екем”, – деді Сетсуко Такамизауа.

Сетсуко Такамизауа немересімен

“Жас кезімді бала қараудан, жұмыстан қолым босамады. Сол себепті мұның алдында 1964 жылы өткен олимпиадаға бара алмадым. Арманым Олимпиада кезінде гид болу. Алайда тілді осылай баяу үйренетін болсам бұл мүмкін емес арман (күлді). Өйткені үйренгенімнің барлығын ұмытып қаламын. Қолымдағы сөздік дәптеріме қарап енді жауап бере бергенде қарсы алдымдағы адам шыдамай кетіп қалады ау”, – деді ол BBC-ге берген сұхбатында.

Сетсуконың еңбегі еш кетпеді. Осы жазда ашқан Twitter парақшасына 21 мың адам жазылып үлгерген. Сонымен қатар “BBC 100 Women” жобасына қатысты.

2020 Токио Олимпиадасына баратын болсаңыз жапон әжей Сетсукоға көз қырыңызды сала жүріңіз…

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз