АҚШ БҰҰ жиынына қатысатын ресейлік дипломаттардың бірде-біріне виза бермеді

0
97
Photo: MFA Qazaqstan

Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына қатысуы тиіс 56 ресейлік дипломаттың бірде-бірі АҚШ визасын алған жоқ. Арасында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

“Кейінгі бірнеше айда АҚШ билігінің бірқатар ресейлік дипломаттарға виза беруден бас тартып жатқаны алаңдатады. Олар БҰҰ-ның ресми шараларына қатысуы тиіс болатын” деп жазылған Небензяның БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке жіберген ресми хатында.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензяның айтуынша, виза алуға өтініш АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігіне берілген. Осыған дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі АҚШ барлық елге “өтініштерді ертерек жіберуді ескертті” деген, себебі өтініштерді қарау үшін көп уақыт керек.

“Ресей [АҚШ] елшілігіне қарсы негізсіз әрекет еткеннен кейін мұның маңызы зорая түсті. Елшілік қызметкерлерін күшпен қайтару – штаттың жұмысын шектеп, сәйкесінше виза туралы өтініштерді қарау мүмкіндігі де қиындады” деді аты-жөнін атамаған Америка шенеуніктерінің бірі Reuters агенттігіне.

Бұған дейін Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцев виза ала алмай, БҰҰ-ның Нью-Йорктегі жиыны – полиция бастықтарының саммитіне қатыса алмаған.

БҰҰ-ның 1947 жылғы “штаб-пәтер туралы келісіміне” сәйкес, АҚШ шетел дипломаттары БҰҰ жиындарына қатысу үшін жағдай жасауы тиіс. Алайда Вашингтонның мәлімдеуінше, “қауіпсіздік, терроризм және сыртқы саясатқа” байланысты АҚШ-тың виза беруден бас тартуға құқығы бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз