Ғарышта жаңа рекорд орнатылды

0
221

Қытайдың «Шэнчжоу-16» ғарыш кемесі көкке сәтті ұшырылды. Нәтижесінде орбитадағы жер тұрғындарының саны 17 адамға жетіп, жаңа рекорд тіркелді.

Бұған дейін Қытайдың «Тяньгун» ғарыш станциясында да, «Шэньчжоу-16» ғарыш кемесіне де үш ғарышкер болған. Олардан басқа, Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) қазіргі уақытта 11 адамнан тұратын экипаж бар. Атап айтқанда, «Союз МС-23» ғарыш кемесінен үш адам, Crew Dragon-тен төрт адам және Axiom Space AX-2 коммерциялық миссиясынан төрт адам.

Ақпарат үшін, бұған дейінгі рекорд 2021 жылдың 16 қыркүйегінде орнатылған болатын. Ол кезде орбитада бір мезгілде 14 адам болды: жетеуі ХҒС-та, үшеуі Шэньчжоу-12 ғарыш кемесі бортында және төрт америкалық жеке Crew Dragon миссионері.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 21 мамырында бортында 4 экипаж мүшесі бар Falcon 9 ғарыш кемесі Флоридадағы Канаверал ғарыш орталығынан Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылған болатын. Экипаж құрамында Сауд Арабиясының 2 азаматы болған, олардың бірі әйел.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз