ҰҚШҰ ережесі бойынша Қазақстан Ресейді қорғау үшін әскер жібере ме?

0
225
Қорғаныс министрлігінің вице-министрі Қамалетдинов Сұлтан

31 мамырда депутаттар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арқылы келісімдер мен хаттамаларды ратификациялау туралы бірқатар заңды қабылдады. Заңды баяндаған вице-министр Қамалетдинов Сұлтан, журналистердің ҰҚШҰ аясында Ресей әскери көмек сұраса, Қазақстан көмектесе ме деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Қорғаныс министрінің орынбасары бұл мәселе тікелей парламенттің шешіміне байланысты екенін мәлімдеді.

«Ондай мәселе жоқ. Біріншіден бұл әр елдің өз еркіндегі шешім, екіншіден мемлекеттен тыс жерге әскер жіберу парламент шешімімен жүзеге асады», – деп жауап берді вице-министр Қамалетдинов Сұлтан.

Мәжілісте қабылданған ратификациялық заңдардың қатарында Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында уақытша болуына байланысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету туралы келісім бар.

«Ол ынтымақтастық тетігін қалыптастыруға бағытталған, оның аясында қылмыстарды жедел және жан-жақты тергеу үшін тараптар бірлескен жедел-іздестіру топтарын құра алады», – делінген парламент мәжілісінің хабарламасында.

Тағы бір келісім ҰҚШҰ әскерлерін (ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуге қатысты. Тараптар әскерлерді қарудың, әскери және арнайы техниканың, сондай-ақ материалдық-техникалық құралдардың заманауи нысанды және (немесе) үйлесімді үлгілерімен қамтамасыз етуге бағытталған келісілген әскери-техникалық саясатты жүргізетін болады.

Тағы бір құжат – 2007 жылғы 6 қазандағы ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама. Түзетулер Ұйымның бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларында пайдалану тәртібін белгілейді. Олар үйлестіруші мемлекеттің қамқорлығымен құрылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз