Британиялық әйгілі Wanderlust басылымы Қазақстанды келесі жылы саяхаттауға болатын ТОП 24 елдің қатарына қосты.

Журнал редакторлары жылдағы дәстүр бойынша саяхатты жоспарлау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ең жақсы қызықты бағыттарды таңдап алған.

Қазақстан табиғаты ерекше ұлттық парктерімен, заманауи қалаларымен және ерекше мәдениетіне байланысты ұсынылған.

Қазинформ агенттігінің мәліметінше, британиялық басылым алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын (2024 ж. 7-15 қыркүйек, Астана) асыға күте отырып, Wanderlust оқырмандарын Ұлы даланың қызықты тарихын бейнелейтін көшпелі халықтардың көп ғасырлық мәдениетімен танысуға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз