Тестілеу 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

29 желтоқсан күні қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. 6 қаңтарға дейін жалғасатын өітініш қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинай алмағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қатысушылар тестілеу өтетін жерді, күнді және уақытты өздері таңдайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз