Қазақстандық паспортты БАӘ-де 30 күн ішінде ресімдеуге болады

0
190
Қазақстан паспорты.

Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтары Абу-Дабидегі ҚР Елшілігінде және Дубайдағы ҚР Бас консулдығында 30 күн ішінде ұлттық паспортты ресімдей алады. Бұрын бұл процедура 80 күн алатын. Бұл туралы ortcom.kz сайты хабарлады.

Қазақстанның сыртқы және ішкі істер министрліктері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде пилоттық режимде «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде құжаттандыру» қамтамасыз ету арқылы қазақстандық азаматтарды электрондық құжаттандыруды енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның АҚШ-тағы (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Германиядағы (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Жапониядағы (Токио қ.), Корея Республикасындағы (Сеул қ.), Өзбекстандағы (Ташкент қ.) және Ресейдегі (Мәскеу қ.) шетелдік мекемелерінде жұмыс істейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз