БҰҰ: әлемнің 38 еліндегі 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді

0
257

18 мамырда БҰҰ штаб-пәтерінде өткен «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру» конференциясында әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұрғаны және 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейтіні айтылды.

Бұл конференцияға Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация қатысты. Жалпы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Германия, Италия, Пәкістан, Румыния, Түркия Сыртқы істер министрлері және БҰҰ-ға мүше 30 елдің өкілдері, сондай-ақ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы халықаралық ұйымдар басшылары қатысты. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, photo: gov.kz
photo: gov.kz

М.Тілеуберді өз сөзінде Қазақстан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ Ауғанстан аумағына халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізудің сенімді жолдарын қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Қазақстаннан Ауғанстанға өткен жылдың қазан айында ауған халқы үшін 20 мың тонна ұн сатып алған.

Сол күні ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың серпіні мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, БҰҰ бас хатшысына мемлекет басшысы атынан 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақыру тапсырылды.

photo: gov.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз