Джо Байден ертең Израильге не үшін баратыны белгілі болды

0
24

18 қазанда АҚШ президенті Джо Байден Израильге барады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді.

Энтони Блинкеннің айтуынша Израиль АҚШ президентіне әскери жоспарлары туралы хабардар етеді. 

«Президент АҚШ-тың Израильмен ынтымақтастығын және оның қауіпсіздігіне адалдығын қуаттайды», – деді Блинкен.

Сонымен қатар, Блинкен тараптардың Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын әзірлеуге келіскенін айтты.

«АҚШ пен Израиль донор елдер мен ұйымдардың гуманитарлық көмегін Газадағы бейбіт тұрғындарға жеткізуге мүмкіндік беретін жоспар әзірлеуге келісті», – деді дипломат.

Байденнің Израильге сапарынан кейін Иорданияға барады. Онда Иордания, Палестина және Египет басшыларымен кездесулер өткізеді деп күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз