«Білім-Инновация» лицейі астаналық жас мұғалімдерге 30 жылдық тәжірибесімен бөлісті

0
208

Бүгін Астанадағы «Білім-инновация» лицей-интернатында (ары қарай БИЛ) «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстанның білім беру кеңістігінің дамуындағы «білім-инновация» лицейлерінің  тәжірибесі» атты республикалық семинары өтті.

Іс-шараға Астана қаласының 100-ге жуық білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысты. Оларға олимпиадада үздік болу, оқушының назарын жоғалтпай қызықты сабақ өткізу, ата-анамен қарым-қатынас және оқушылар тәрбиесі туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір дәріс сайын жас мұғалімдерде сұрақ қойып пікір алмасуға мүмкіндік болды.

«Қалада 100-ге жуық мектеп бар. Сол мектептің барлық мұғалімдерін, жас мамандарды жинап, біз бүгін үш бағытта семинар беріп жатырмыз. Бірінші тәрбие бағытында ата-анамен жұмыс, оқушылармен жұмыс бағыты қарастырылады. Екінші бейіндік бағытта оқушыларды түрлі жарыстарға, олимпиадаға дайындау, қабілеттерін ашу қарастырылады. Үшін оқу әдістемелік бағыт, ол жерде кіріктірілген сабақтар, панорамалық сабақтар, жас мамандармен жұмыс жасау жұмыстары қарастырылады», – дейді лицей директоры Сихимбеков Руслан Алмасұлы

Мектеп директорының айтуынша, бұл іс-шараны «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен қалалық білім бөлімі бірігіп өткізіліп жатыр.

Ал, бүгінгі семинарға қатысқан маман, өзі оқушыны олимпиадаға дайындау кезінде осыған дейін қандай қателіктер жібергенін сараптап, алдағы жұмысына жоспар құрып жатқанын айтты.

«Жас маман ретінде дарынды оқушыларды анықтау, олармен жұмыс жасау барысын үйреніп, жоспар құрдым. Мен осыған дейін дарынды балаларды анықтау кезінде бір оқушыны таңдасам, сол оқушымен ғана жұмыс жасап жүретінмін. Ал, енді бүгінгі семинардан кейін резерв құру туралы ойладым», – дейді 63 мектеп-гимназиясының жас маманы Шамшат.

Айта кетейік іс-шараның мақсаты БИЛ-дің оқу, тәрбие және дарындылықты дамытуды табысты жүзеге асыруындағы отыз жылдық тәжірибесімен бөлісу және заманауи талаптарға сай үлгілерін көрсету, қатысушылармен кері байланыс жасау және тәжірибе алмасу болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз