Джо Байден коронавирус пандемиясы аяқталды деп мәлімдеді

0
137
АҚШ президенті Джо Байден. Photo: Video screen

АҚШ президенті Джо Байден CBS «60 минут» бағдарламасында коронавирус пандемиясының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Вирус алғаш рет ҚХР Хубэй провинциясы Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсанында анықталды. Құрама Штаттарда 2020 жылдың басында ауру жұқтырғандар анықтала бастады. 2020 жылдың көктемінен бастап бірнеше штатта кәсіпорындар мен мектептер жабылды. Коронавирусқа қарсы вакцина 2020 жылдың желтоқсанында бірқатар елде пайда болды.

Жүргізуші Скотт Пелли бағдарлама барысында АҚШ президентінен «Пандемия бітті ме?» деп сұрайды.

Джо Байден былай деп жауап берді: “Пандемия аяқталды. Бізде коронавируспен байланысты проблема әлі де бар. Біз әлі де осы мәселе бойынша көп жұмыс істейміз. Бірақ пандемия бітті. Байқаған болсаңыз, бізде ешкім маска тақпайды. Бәрінің жағдайы дұрыс сияқты. Сондықтан жағдай өзгерді деп ойлаймын”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз