Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылды

0
468
Press conference by NATO Secretary General Jens Stoltenberg, the Minister of Foreign Affairs of Finland, Pekka Haavisto, and the Minister of Foreign Affairs of Sweden, Ann Linde following the signature of the NATO Accession Protocols for Finland and Sweden

5 шілде күні Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде  Швеция мен Финляндияның Солтүстік атлантикалық одаққа қосылатыны туралы хаттамаға қол қойылды.

Құжатқа НАТО-ға мүше 30 елдің өкілдері және Швеция мен Финляндия өкілдері қол қойған. Олар бұл күнді “тарихи күн” деп атап, “екі елдің ғана емес, НАТО-ның да қауіпсіздігін күшейте түсетін қадам” деп мәлімдеді.

Бұл оқиға кезінде Ресей аталған жоқ, бірақ екі елдің НАТО-ға кіруіне Ресейдің Украинаға басқыншылығы негізгі себеп болған.

Швеция мен Финляндия ресми түрде 18 мамырда өтініш берген. Оларды НАТО-ға қабылдау туралы шешім өте тез шықты.

Швеция мен Финляндия НАТО-ның толық құқықты мүшесі болуы үшін бүгін қол қойылған хаттаманы НАТО-ға мүше 30 елдің парламенті бекітуге тиіс. Бұған дейін “аталған екі ел күрд сепаратистерін қолдайды” деген желеумен тек Түркия ғана қарсы болған, бірақ ол да келісімге келген.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылғанын Ресей билігінің өкілдері бір жағынан айыптай қарайды, бір жағынан бұл елдермен ешбір аумақтық мәселе жоқ, сондықтан проблема да жоқ деп санайды. Алайда аталған екі елге НАТО-ның инфрақұрылымы орналастырылатын болса, Ресей әлдебір “жауап шараға” баратынын мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз