Франциядағы президент сайлауы: Макрон мен Ле Пен екінші турға өтті

0
206
Эммануэль Макрон және Марин Ле Пен. Photo: Euronews

Франциядағы президент сайлауында қазіргі президент Эммануэль Макрон мен “Ұлттық бірлік” әсіре оңшыл күштерінің өкілі Марин Ле Пен екінші турға өтті. 10 сәуірдегі алғашқы тур аяқталғаннан кейінгі экзит-пол мәліметтерді осыны көрсеткен. Бұл жөнінде Ле Монде басылымы жазды.

4 сауалнама нәтижесінің қорытындысына қарағанда, Макрон 28 -29,5 пайыз, Ле Пен 23- 24,5 пайыз дауыс жинаған. Макронның біртіндеп алға ұзап бара жатқаны байқалған.

Үшінші орында 20 пайыз дауыспен әсіре солшыл кандидат Жан-Люк Меланшон тұр. Жексенбідегі сөзінде ол Макронды тікелей қолдамаса да жақтастарын екінші турда Ле Пенге дауыс бермеуге шақырды. Төртінші орынға шыққан ұлтшыл-популист Эрик Земмура Лен Пенді қолдады.

Бұл сайлау нәтижелері осыдан бес жыл бұрынғы сайлауға қатты ұқсайды, онда да Макрон мен Ле Пен екінші турға шыққан. Ол кезде Макрон жеңіске өте сенімді жетсе, социологтардың пікірінше, қазіргі бәсеке одан әлдеқайды тартысты болады. Екінші тур екі аптадан кейін өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз