Ұлыбритания премьер-министрі Украинаға барды

0
304
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Украина президенті Владимир Зеленский. Photo: President.gov.ua

Өткен сенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Борис Джонсонның Украинаға баратыны жөнінде алдын ала ақпарат таратылмады.

Келіссөзден кейін Джонсон Лондон Киевке 120 броньды техника және кемеге қарсы жаңа зымыран жүйесін беретінін мәлімдеді.

Краматорскідегі вокзалға зымыран соққысы жасалғаннан кейін жұма күні премьер-министр Украинаға 100 млн фунт көлемінде қосымша әскери көмек беретінін мәлімдеген. Лондон Киевке танкілер мен әуе соққыларынан қорғайтын жүйелер, “камикадзе-дрондарын” да береді.

Өткен айдың соңында Ресей әскері Украина астанасынан 20-25 шақырым жерге шоғырланып, қалаға соққылар жасаған. Қазір Ресей әскері елдің солтүстігі мен Киев облысынан кеткен.

“Президент Зеленскийдің сенімді басқаруы мен украин халқының қайсарлығы мен батырлығының арқасында Путиннің адам шошырлық жоспары бұзылып жатыр” деді Джонсон.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз