Газа – Израиль соғысы: қазіргі уақытта Хамас пен Цахал қақтығысы қандай жағдайда?

0
27
Фото: REUTERS

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Газа секторы Израильге соғыс ашты. Олар, шекараны бұзып кіріп, бір күннің ішінде өздерінің аумағынан үлкен территорияны басып алғанымен бірге бірнеше адамды тұтқынға алды.

BBC агенттігі ЦАХАЛ баспасөз хатшысына сілтеме жасап, қазіргі уақытта Израиль әскері әуе және артиллериялық соққыларды жалғастырып, Газа секторындағы ХАМАС ұйымын жою үшін арнайы әскери операцияға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Газа секторының солтүстігінен жарты миллионға жуық адам үйін тастап кеткен. Бұған дейін Израиль Газа секторына су, жанармай және электр энергиясын беруді тоқтатқан болатын. Алайда жексенбі күні су беруді қайта жалғастырды. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық үйлестіру басқармасының жексенбі күнгі мәліметі бойынша Газа секторындағы ауруханалардағы генераторларға арналған отын шамамен бір тәулік ішінде аяқталады.

Израиль тарабы соғыс басталғалы 1400 адам қайтыс болғанын хабарласа, Газа секторы қарсыласының бомбалау нәтижесінен 2450 тұрғыны қайтыс болғанын мәлімдеді.

Бұл әскери іс-қимылдар Хамас тарапынан “Әл-Ақса бораны”, ал Израиль тарапынан – “Темір қылыштар” деп аталады.

Inbusiness хабарлауынша, Израиль, өзге көршілеріне де үстемелете соққы жасай бастаған. Мысалы, сириялық Алепподағы әуежайды бомбалаған. Салдарынан, Сирияға бет алған ирандық делегацияға кері қайтуға тура келіпті. ЦАХАЛ мұның Сирия жақтан Голан төбелері мен Жоғарғы Галилейге зымырандардың ұшырылуына жауап болғанын айтып отыр.

Бұдан бөлек, ЦАХАЛ көрші Ливандағы “Хезболланың” әскери инфрақұрылымына әуеден шабуыл жасады. Себебі, шекараға жақын орналасқан Батыс Галилейдегі Штула елді мекеніне Ливан жақтан танкке қарсы зымыран ұшырылған көрінеді. Соның кесірінен төрт адам жараланып, бір адам өлді.

Алайда, еврей сарапшылары шапқыншылыққа “Хезболла” кең ауқымды араласса, Израильдің жағдайы мүшкіл болатынын ескертті. Бұл қарулы топтың қолында Иран жасаған заманауи дрондар мен алысқа ұшатын қуатты зымырандар бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз