Иран Ресейге әскери дрондар бергелі жатыр

0
388
Иран әскери дрондары. Photo: Al Jazeera

Иран Ресейге жүздеген әскери ұшқышсыз ұшатын аппараттарды бермекші. Бұл жайлы Вашингтондағы брифингте АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан айтты.

Салливанның айтуынша, аппараттар қару-жарақ алып жүре алады. “Иран орыс күштерін аталған әскери дрондарды қолдануды үйретуді жоспарлап жатыр. Жаттығуды шілде айында бастамақ”, деді Салливан.

Вашингтон бұл мәліметтерді қайдан алғанын айтпады.

Джейк Салливан бұл мәлімдемесінен кейін артынша Мәскеу мен Тегеран Ресей президенті Владимир Путиннің жақын күндері Иранға баратынын растады. Кремль Путин ол жақта Иран және Түркия президенттерімен кездеседі деп хабарлады.

Украинада соғыс басталғалы бері Путин шетелге (Тәжікстан мен Түркіменстанға) екі мәрте шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз