ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды

0
256
photo: pixabay

ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілішсі білім министрлігіне сілтеме жасап.

Шалғай өңірлердегі талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында бейнебайланыс арқылы кеңес беретін виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Талапкерлерге қосымша ақпарат алу үшін ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына, сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне мына байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 7172 741670. Бұдан бөлек қосымша ақпаратты ұлттық тестілеу орталығының сайтынан алуға болады: https://testcenter.kz.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз