Иранда президент сайлауы басталды

0
135
photo: times.kz / Ирандағы президент сайлауы

18 маусым таңғы сағат жергілікті уақытпен 07:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 08:30) Иранда президент сайлауында дауыс беру басталды. Бұл туралы Тасс ақпарат агенттігі хабарлады.

Президенттікке өз кандидатурасын, қабылданатын шешімдердің орындылығы жөніндегі кеңестің хатшысы Мохсен Резаи, жоғарғы сот төрағасы Эбрахим Раиси, парламент төрағасының орынбасары Амир Хосейн Казизаде Хашеми және орталық банктің бұрынғы басшысы Абдольнасер Хеммати ұсынды.

Иран заңы бойынша қазіргі президент Хасан Роухани өз кандидатурасын ұсына алмайды. Себебі ол қатарынан екі мерзім президент қызметін атқарды.

Сайлау күні Иран елінің аумағында 66,8 мыңға жуық сайлау учаскесі ашылған. Бұдан бөлек Иран азаматтары әлемнің тағы 133 елінде дауыс бере алады. Әлем бойынша дауыс беру үшін 234 сайлау учаскесі ашылады. Дауыс беруге құқылы ирандықтардың жалпы саны 52,31 миллион адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз